«Заманауи білім беру ақпараттық ортасы: дәстүр және инновация» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция.

07.04.2017

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығында  2017 жылдың 4-6 сәуір күндері Астана қаласында «Заманауи білім беру ақпараттық ортасы: дәстүр және инновация» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Осы конференцияға оқу-ісінің меңгерушісі Шаимова Асемгуль Алтаевна қатысты. Халықаралық конференцияға  және соның аясында өткен  тәжірибелік семинарларға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Конференция білім беру жүйесі және мамандарды дайындау саласындағы технологиялар мен құрал-жабдықтардың соңғы үлгілерін көрсететін WORLDDIDAC ASTANA 2017 халықаралық көрмесімен бірлесіп өткізілді.

Конференция жұмысына Австрия, АҚШ, Армения, Ұлыбритания, Нидерландия, Германия, Италия, Қырғызстан, Ресей, Чехия елдерінен мамандар қатысты.

Конференция бағдарламасы ауқымды болды: ғылыми баяндамалар, көрме-презентациялар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары, оқыту курстары.

Конференцияның іскерлік алаңы бізге:

  • - Білім беру жүйесін дамыту саласында жаңа ақпараттар алуға;
  • - білім мазмұнын жаңарту және оқыту процессіне тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу бойынша өзекті мәселелерді талқылауға;
  • - білім беру ортасын модернизациялаудағы трендтермен, соңғы жетістіктермен, қазақстандық және шетелдік компаниялардың ақпараттық білім беру ресурстарын әзірлеудегі және модификациялаудағы соңғы жетістіктерімен танысуға;
  • - оқу әдебиеттерін шығару бойынша тәжірибе алмасуға, оқу құрал- жабдықтары мен ақпараттық технологияларды өндірушілермен кездесулер мен келіссөздер жүргізуге, болашақтағы жұмыстар үшін іскерлік ынтымақтастық орнатуға, қолайлы жағдай жасады.

Конференция барысында жаңартылған оқу мазмұны бойынша әзірленген 2017-2018 оқу жылында білім беру үрдісіне ендірілетін 2, 5, 7 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің таныстырылымы және оқу әдебиеттерінің авторлары мен сарапшыларына арналған оқыту курстары мен тренингтер өткізілді.

Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті.





    
 




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Reply

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Reply