Қарты бардың - қазынасы бар

05.05.2017

 
 
Қазақ мектеп-гимназиясының 10 «А»  және 8 «А» сынып оқушылары 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мерекесімен құттықтап, қарт ұстаздар үйлеріне барып қайтты. Қариялар – халық құрамындағы әлеуметтік топ.
 
Бағзы заманнан қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ұштасқан өмірлік мақсаты ел бірлігіне, жер тұтастығына бас-көздік, халықтың бірлігі мен ынтымақтастығын берік дәнекерлеу, ұлттық бай рухани қазынаны шашау шығармай сақтау және молайта түсу еді.
 
Олар қай кезде де осы міндетті жүзеге асыруда көсемдік танытты, бекзаттық пен мәрттіктің рухы болып келеді. "Отанды сүю - отбасынан басталады. Әр адам өз Отанына еңбек еткен жандарға көмек қолын созып, қамқорлық танытса - сол нағыз патриот адам" – дейді  қарт ұстазымыз.
 
Ата-әжелеріміз оқушыларға өз ақыл-кеңестерін айтып, оқу жылының аяқталуымен құттықтап, келешек өмірлерінің жарқын да бақытты болуына тілектестіктерін білдірді.
 




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Reply

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Reply