Математика пәнінен «Lesson Study» сабағы

08.12.2017


Бірінші  LS  сабағы  8-желтоқсан   күні  2 «В»  сыныбында  математика  сабағынан  болды.  

Тақырыбы:  Есептер  шығару. Математикалық  олимпиада .

Мақсаты: 2.1.2.8. екі таңбалы сандарды   қосу жəне азайту алгоритмдерін қолдану.2.5.1.1** екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба, қысқаша жазба түрінде   модельдеу.2.5.1.7** екі амалмен шешілетін      есептерді модельдеу жəне шығару.2.5.1.8** құрама есептердің шешуін санды өрнектер жəне жекелеген амалдар түрінде   модельдеу жəне шығару.

Сабақ саяхат түрінде өтті.Оқушылар әр аялдамаға тоқтап, әртүрлі тапсырмалар орындады. Сабақта  оқушылар  өз  деңгейінде   білімдерін  көрсетті. А,В,С  деңгейіндегі  оқушылар  бақылауда болды.  Нәтижесінде  А,С  деңгейіндегі   оқушылар  өз  деңгейін   көрсете  білді, бірақ   В  деңгейіндегі  оқушы   өз  деңгейін  толығымен  көрсете  алмады.

 

Сабақ  құрылымы   жақсы, әдістемеге сай деп  бағаланды. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша құрылған. Жеке, жұппен, топпен  жұмыстар  жүргізілді. Сабақ  жаңа  бағдарламаға  сай  құрылды.Сабақтың   тақырыбы  мен    мақсатын  оқушылар  өздері  шығара  білді.

 

Сабақта     қалыптастырушы  бағалаудың бірнеше түрі    қолданылды Олар: «Бас бармақ», «Бағдаршам»т.б.  Балалар есептерді  бірнеше  тәсілмен  шығара білетіндерін көрсетті. Топтық жұмыста ұйымшылдық көрсетіп,жұмыстарын   қорғап,  өз  ойларын  еркін  айта  білді .Екінші  сабақта   болған   кемшіліктерді, жоюға   тырысып, А,В,С  деңгейіндегі  оқушылар  өз  деңгейін  көрсетеді  - деп  сенемін.



Өткізген: 2 «В» сынып мұғалімі: Майсатаева Л.К



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Reply

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Reply