Абай Құнанбайұылының 175 жылдық мерейтойына орай ҚМГ ұжымы арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды

07.02.2020


"CITY MALL" сауда орталығында өткен АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ 175 жылдық мерейтойына арналған "ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ШӘКІРТТЕРІ" атты концерттік бағдарлама*

Бүгін 7.02.2020ж. күні қаламыздың "CITY MALL" сауда орталығында ғұлама, ойшыл, ағартушы, аудармашы, ақынымыз Абай Құнанбайұылының 175 жылдық мерейтойына орай Қазақ мектеп-гимназиясы ұжымы арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Жиылған дүйім жұрт зор қызығушылық танытып бірден назарлары қазақтың қара домбырасының үніне ауды. Бұл іс-шараның мақсаты да осы болатын. Ақынның өлеңдері мен қара сөздеріндегі ұлт болмысын,тұрмыс - тіршілігін зерделеп, қала жұртымен мектеп оқушыларына Абай мұрасын насихаттау. Игі іс-шарада оқушылар, ұстаздар және жиналған қауым ақынның өлеңдері мен әндерін, қара сөздерін орындап, көрермендерге Абай өлеңдері жазылған кітапшалар мен басқа да сыйлықтар табыс етілді. Бұл іс-шара алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ. 



 



 

 

 

 

 

 






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Reply

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Reply