Ұстаз – ұлағатты есім

02.10.2020


Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Қазақ мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Айнур Сабитовна - білім бөлімінің Құрмет грамотасы және ҚР министрінің Алғыс хатымен марапатталған жаңашыл ұстаз. Оқушы тәрбиесінде өзінің жеке тұлғасымен, азаматтығымен, іс-әрекетімен, ұлтжандылығымен үлгі-өнеге бола алады. Өте еңбекқор, жауапкершілігі жоғары деңгейдегі ұстаз. Сабақтары қазіргі заманғы инновациялық әдістермен, ақпараттық коммуникативті технологияның мүмкіндіктерін пайдаланумен ерекшеленеді. Мұғалім сабақтарында оқу материалына қызығушылықпен қарау, оқушылардың іс-әрекетін жандандыру, шығармашылық ізденіске ұмтылу сияқты мәселелерге басты назар аударады.
Жас бүлдіршіндерді оқытуда да өзіндік әдістемесімен көзге түскен ұлағатты маман. Балаларды қызықтыру, ынталандыру мақсатында әр баланың қабілетіне қарай жаңартылған білім бағдарламасы негізінде оқытуды басшылыққа алады. Деңгейлеп оқыту әдістемесімен жұмыс жасау барысында әр сабағында пәннің қыр-сырын меңгертіп қана қоймай, оқушыларды әсем поэзиямен сөйлетіп, әр баланың жүрегіне жол тауып, алғысына бөленіп жүрген шебер ұстаз. Әрқашан тәжірибе алмасу мақсатында тынбай еңбек етеді. Облыстық, республикалық семинарларда және сыныптан тыс өткізген іс-шаралары «USTAZ tilegi» республикалық ұстаздар веб – сайтында, «BILIM AINASY» республикалық ғылыми-танымдық газет қосымшасында жарияланды. 2-сыныпқа арналған оқу бағдарламасына көмекші құрал ретінде жарыққа шыққан «Мәтін сыры» атты әдістемелік құралының авторы.
Кайсенова Айнур Сабитқызы - «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» ұымдастырған «Педагогикалық понорамалар идеясы» Республикалық бейне - сабақтар мен бейне – дәрістер байқауының аймақтық кезеңі II дәрежелі диплом иегері. Ұстаздарымызға толағай табыс тілейміз.

 










Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Reply

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Reply