"Педагогикалық қоғамдастық - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру факторы" тақырыбында кезекті отырысы

26.01.2022

2022 жылдың 26 қаңтар күні "Педагогикалық қоғамдастық - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын арттыру факторы" тақырыбында "Шырақ" атты мектепке дейінгі ұйымдар педагогтар қауымдастығының кезекті отырысы онлайн-форматта өтті.
🔹СҚО Білім басқармасының бірінші басшысы Н.А. Жәшібековпен сындарлы диалогта өңірдегі мектепке дейінгі білім беру жүйесінің негізгі мәселелер және маңызды сұрақтар талқыланды. Іс-шара қызығушылық атмосферасында өтті, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісті, өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап алды, әрі қарай кәсіби даму жолдарын айқындады.
🔹Білім басқармасының басшысы қауымдастықтың алдына бірқатар міндеттер жүктеді:
🔻мектепке дейінгі жастағы балалармен ерте кәсіптік бағдарлау бойынша жұмысты күшейту;
🔻мектепке дейінгі білім мен бастауыш білім берудің сабақтастығы мен үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру;
🔻ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың сәтті бейімделуі және оқу үрдісіне араласуына жағдай жасау арқылы инклюзивті білім беру бойынша жұмысты жандандыру, тиімді тәжірибелерді іздеу, енгізу;
🔻педагог жетістіктерінің ақпараттық–педагогикалық банкін құру, озық педагогикалық тәжірибені тарату.
🔹Іс-шараға облысымыздың мемлекеттік және жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жүзден астам педагогі қатысты.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Reply

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Reply