Мектебімізде үйірмелер апталығының аталуы
04.03.2022Ағымдағы жылдың 14-18 ақпан аралығында мектебімізде үйірмелер апталығы аталып өтті. Апталық аясында "Тоғызқұмалақ" үйірмесінен 2-3сынып оқушылары «Тоғызқұмалақ ойынында тұздық алу тәсілдері», "Волейбол" үйірмесінен 10-11сынып оқушылары "Волейбол ойынындағы әдіс-тәсілдер» және 6-сынып оқушылары «Волейбол ойынының элементтерімен байланысқан жаттығулар» , "Робототехника" үйірмесінен 3-4 сынып оқушылары «Объектілердің 3D модельдері», "Ырғақты қозғалыс" үйірмесінен 2-3 сынып оқушылары "Қазақ биінің қол қимылдары", "Дарын" кітапхана үйірмесінен 4-сынып оқушылары «Кітап-білім бұлағы», "Президенттік көпсайыс" үйірмесінен 4-сынып оқушылары "Күш дайындығы. Эстафеталық ойындар», "Вокал" үйірмесінен 7-сынып оқушылары "Мектеп гимні", "Дебат" үйірмесінен 7-11сынып оқушылары «Аргументті дұрыс келтіру жолдары» тақырыптары бойынша шеберлік сағаттары өткізілді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында үйірме жетекшілері әрбір қатысушы оқушыларды жеке қадағалап, бағыт-бағдар беріп, жақсы нәтежиеге қол жеткізуге жағдай жасады.
Community discussions
День Знаний
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
cgvbcvb
