Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын тыңдау
02.09.2022Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы - республиканың кез келген тұрғыны үшін маңызды оқиға. Әркім өзі үшін басты бағытты табады.
Президенттің жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды. Президент қазақстандықтардың әл-ауқаты мемлекеттің тұрақтылығына байланысты екенін, ол үшін республикада қолдан келгеннің бәрі жасалып жатқанын атап өтті. Президент мемлекеттегі жетістіктің кепілі басты байлық – адамның дамуы болып табылады деп санайды. Әрқайсымызды толғандыратын ең басты мәселе - бұл біздің болашағымыз, ертеңгі күнге деген сенім. Президенттің алдыңғы дағдарыстық жағдайларды еңсерудегі жетістіктер туралы сөздері, сондай-ақ Қазақстанның тұрақты дамуын растайтын айтылған сандар, әзірленген стратегиялық жоспарлар халықтың әл-ауқатына сенім ұялатады.
Жолдаудың мазмұны жылдан жылға алдымызға батыл міндеттер қояды. Ал биылғы жылы да қаныққан. Биылғы Жолдау Мемлекет басшысы жариялаған жоспарларды іске асыруға қатысты кеңейтілген бағдарлама болып табылады. Жолдаудың әрбір идеясында, әрбір жолында және санында ұлттық дамудың нақты есептелген стратегиясына, ең бастысы, саясатты бүкіл халықтың қолдауына сүйенген Мемлекет басшысының нық сенімі сезіледі.
Президент Жолдауында Отандық білім мен ғылымның тиімділігін арттыру және дамыту мәселелеріне маңызды рөл берілген.
Өз Жолдауында Президент Үкімет үшін ерекше міндет белгіледі –«Балаларға арналған Ұлттық қор» жаңа бағдарламасы басталды. Балаларға 18 жасқа дейін инвестициялық табыстардан ақша жинақталатын шоттар ашылады, олар 18 жасқа толғаннан кейін тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады. Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады.
Ұзақ мерзімді халықаралық саясат бағыты таңдалды. 2023 жылдың ортасына қарай үкіметтің толық жаңартылған құрылымы болады. Жаңа формула: күшті президент, ықпалды парламент, есеп беретін үкімет;
«Бұл бағыт мызғымас», - деп атап өтті Қ.К. Тоқаев.
Президент Қ.К. Тоқаевтың жолдауы Қазақстанның болашақта дамуында маңызды рөл атқарады деп санаймыз және еліміз осы жолдауды басшылыққа ала отырып, іске асыруда міндетті түрде үлкен жетістіктерге жетеді деп сенеміз. Негізгі мәселелердің барлық спектрі бойынша мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары еркін және гүлденген Қазақстанды құру мақсатына қол жеткізудегі жаңа кезең болатынына еш күмән жоқ.


Community discussions
День Знаний
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
cgvbcvb
