Мамыр айының 3-і күні мектеп оқушыларымен Айыртау ауданы прокуратурасының прокуроры Сүлейменұлы Данияр Құсайынов кездесу өткізді. Оқушылармен болған кездесуге мектеп директорының тәрбие ісі жөнінен орынбасары Е. А. Алгожин, әлеуметтік-педагог Ж. З. Тақауова және мектеп психологі Ә. М. Азбергенова қатысты.

03.05.2023

Мамыр айының 3-і күні мектеп оқушыларымен Айыртау ауданы прокуратурасының прокуроры Сүлейменұлы Данияр Құсайынов кездесу өткізді. Оқушылармен болған кездесуге мектеп директорының тәрбие ісі жөнінен орынбасары
Е. А. Алгожин, әлеуметтік-педагог Ж. З. Тақауова және мектеп психологі Ә. М. Азбергенова қатысты.
Жасөспірімдер арасындағы әлімжеттілікті болдырмау, буллингке жол бермеу мақсатында Әсемгүл Мұратқызы арнайы слайд дайындап көрсетті.
Жеткіншектер арасындағы әлімжеттіліктің алдын алу, оған жол бермеу жолдары туралы аудан прокуроры Д. С. Құсайынов әңгімеледі. Әңгіме барысында жеткіншектердің құқықтары мен міндеттері және тәртіп сақтаулары мен жауапкершіліктері жайлы түсіндірілді.
Қоғамда үлкен мәселеге айналған "суицид" тақырыбы да қозғалды. Суицидтің тууы мен оның алдын алу және одан шығу жолдары айтылды. Прокурор Д. С. Құсайынов жасөспірімдерге келеңсіз жағдайға тап болған кезде күйзеліске түспей, ой құрсауынан шығу үшін психологке жолығулары керектігін айтты.
Келесі кезекте оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берген аудан прокуроры, балаларға сәттілік тілеп, әрнәрсеге жауапкершілікпен қарауларын айтты.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Reply

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Reply