Бастауыш сынып оқушыларымен "Ертегілер еліне саяхат" тақырыбында оқу сағаты өтті.
08.12.2023 "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында бастауыш сынып оқушыларымен "Ертегілер еліне саяхат" тақырыбында оқу сағаты өтті.
Мақсаты: Оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, білімге құштарлығын ояту және оқу сауаттылығын дамыту. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылыммен білімнің пайдасы жайлы насихаттау.
Ертегі- әрқашанда біздің оқырмандарымыз үшін ауыз айтып жеткізе алмас ғажайып дүние. Ертегі- баланың толық дамуы үшін қол жетімді құралдардың бірі болып табылады.
Ертегі жанры баланың ой-өрісін жетілдіріп, сана-сезімін оятып, қиялын қанағаттандырады, жаманнан жирендіріп, адамгершілікке имандылыққа тәрбиелейді. Әр алуан мазмұндағы ертегілермен танысу, бала қиялын ұштап еркін сөйлеуге үйретеді. "Ертегі" - деген аты ертегі, ерте ерте күнде деген сөзден туған.




Community discussions
День Знаний
1
415
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
0
0
cgvbcvb
