«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» Республикалық педагогикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қортындысы

07.04.2017

2017 жылы 30 наурызда Петропавл қаласында облыстық педагогикалық олимпиада өткізілді. Аудандар мен қалалық мектептерден25 жас маман, 7 педагог- психолог, 4 тәлімгер және 6 оқушы командасы қатысты.

Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

  Педагогикалық олимпиаданың сатыланған құрылымы бар:

I саты - педагогикалық жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға бағытталған білім беру ұйымдарының жоғары сынып оқушылары.

II саты – педагогикалық колледждің жоғарғы курс студенттері.

III саты  – жас педагогтар, психологтар мен тәлімгерлер (қатысушылардың еңбек өтілі 3 жылдан аспауы тиіс).

Олимпиада мазмұны кәсіби білім беру аясында педагог тұлғасының шығармашылық өзін-өзі анықтау және өзіндік жетілу қабілетін, білім беру үрдісінде кәсіби педагогикалық шеберліктерін көрсетуге мүмкіндік беретін конкурс тапсырмаларын қарастырады.

Педагогикалық олимпиаданың жеңімпаздары:



Алты жоғары сынып оқушылар командалары арасындағы жарыста М.Жұмабаев атындағы пелагогикалық гуманитарлық колледжінің жанындағы мектеп лицейі оқушылары жеңіске жетті.

Барлық қатысушылар мадақтама қағаздармен және сертификаттармен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың  4-5 мамыр аралағында Алматы қаласында өтетін республикалық олимпиадада біздің облысымыздың намысын қорғайды.

Видео:

Қазақша:https://www.youtube.com/watch?v=mT99CHtALC8

Орысша: https://www.youtube.com/watch?v=JmLKRg--ZH4

Конкурс педагогов:

Қазақша:https://www.youtube.com/watch?v=zxY7FlHrlQc

Орысша:https://www.youtube.com/watch?v=jXc6BcwzXus



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016