Өткізілген сабаққа мұғалімнің талдау жасау алгоритмі
06.06.2018Өткізілген сабаққа мұғалімнің талдау жасау алгоритмі
- Қандай талаптар басшылыққа алынды?
- Тақырыптағы сабақтардың өзара байланысы қалай есепке алынды?
- Оқушылардың ерекшелігі: нашар және жақсы оқитын оқушылар ерекшелігі қалай есепке алынды?
- Сабақтың үш мақсаты қалай анықталды?
- Оқушылардың іс-әрекеті қалай жоспарланды?
- Сабақтағы оқу материалы дұрыс таңдалды ма?
- Мұғалім мен оқушылардың әдіс-тәсілдері өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?
- Қолданылған техникалық оқу құралдары мен көрнекіліктер өзін ақтады ма, егер жоқ болса, неге?
- Оқушылардың танымдық қабілетінің дамуына не ықпал етті?
- Оқушылардың өзіндік жұмыстарының педагогикалық құндылығы неде?
- Сабақ оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруға, олардың тәрбиесі мен адамгершілік қасиеттерінің дамуына, жігері, мінез-құлқы мен жеке мәдениетіне қалай әсер етті?
- Сабақ барысы: не көзделіп, қалай өтті?
- Сабақ кезінде сыныпта, жекелеген оқушыларда қандай қиындықтар туындады? Олардың пайда болу себептері мен шешу жолдары.
- Сабақ мақсаты мен міндеттеріне жетті ме, қандай көрсеткіштер бойынша ол анықталды, егер сабақ өз мақсатына жетпесе, не кедергі болды?
- Сабақ нәтижелілігін бағалау.
- Мұғалімнің өзін бағалауы.
- Сабақты жетілдіру жолдары.
Қоғамдастық талқылаулары
День Знаний
1
398
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
0
0
cgvbcvb
