2018-2019 оқу жылы мектеп бітіретін түлектердің ҰБТ тапсырулары бойынша жүзеге асырылатын өзгерістер жөнінде ПІКІР «М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі» КММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ауғанбаева Зухра Нұрмолдақызы
04.01.20192018-2019 оқу жылы ҰБТ жалпы форматы өзгермейді. Бұл оқу жылының басынан бері дайындалып жүрген оқушыларға нәтижелі әсер ететін болады.
Десек те, ҰБТ ұйымдастыру және өткізу сапасын арттыру барысында ішінара өзгерістер бар. Солардың ішінде кейбіреуіне тоқталып кеткім келеді.
Ең бастысы, ҰБТ жүйесін бірнеше (4) кезең бойынша өткізу ерекшелігін атап айтуға болады. Бұл түлектерге жоғарғы оқу орнына түсу үшін өз білімдеріне сай кезеңде сынақтан өтуге мүмкіндік береді.
Келесі айта кететін жаңалықтың бірі, ол – ағылшын тіліне қатысты мәселе. Оқушының ағылшын тілінен халықаралық деңгейдегі сертификаты болған жағдайда (6.0. \ 6.5. \ 7.0. балл) ол ағылшын тілінен ҰБТ сынағын тапсырмайтын болады. Бұл да бейінді пән ретінде ағылшын тілін таңдаған түлектерге мотивация беретін зор мүмкіндіктердің бірі болып саналады.
Түлектердің ҰБТ өз қалауы бойынша үш тілдің бірінде (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі) тапсыру құқығы берілген.
Бұл ерекшеліктер біраз мәселелердің шешімін табады деген ойдамыз.
Қоғамдастық талқылаулары
День Знаний
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
cgvbcvb
