ҰБТ – 2019. Қандай өзгерістер болмақ?

30.01.2019

Биылдан бастап тестілеу жылына төрт рет өткізіледі. Осыған дейінгі қаңтар, маусым және тамыз айларына енді наурыз қосылды. Осылайша, жаздағы негізгі сынаққа дейін үміткерлер екі мәрте өз шама-шарқын біле алады. Ескеретін жайт, мемлекеттік грантқа қол жеткізу үшін оқушылар міндетті түрде маусым-шілде айларындағы тестке қатысып, жоғары балл жинауы тиіс. Ал өзге үш сынақ тек ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік береді. Гүлжазира Сәдуақасова, Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектептің 11-сынып жетекшісі: – Көбісі эмоцияға беріліп, бір балл болсын, айырылып қалған жағдайлар кездесті. Енді 4 рет тапсыруға мүмкіндік туып отыр. Бұл балалар үшін зор мүмкіндік болады деп ойлаймын. Бүгін 3 санатқа жататын 35 мың үміткер тест тапсырады. Бұл – 11 және 12-сыныптың оқушылары, жоғары оқу орындарында шартты түрде білім алып жатқандар мен шығармашылық мамандықтан өзгесіне ауысатындар. Соңғыларын тесттен бөлек, тағы екі емтихан күтіп тұр.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016