ҰБТ – 2019. Қандай өзгерістер болмақ?
30.01.2019Биылдан бастап тестілеу жылына төрт рет өткізіледі. Осыған дейінгі қаңтар, маусым және тамыз айларына енді наурыз қосылды. Осылайша, жаздағы негізгі сынаққа дейін үміткерлер екі мәрте өз шама-шарқын біле алады. Ескеретін жайт, мемлекеттік грантқа қол жеткізу үшін оқушылар міндетті түрде маусым-шілде айларындағы тестке қатысып, жоғары балл жинауы тиіс. Ал өзге үш сынақ тек ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік береді. Гүлжазира Сәдуақасова, Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектептің 11-сынып жетекшісі: – Көбісі эмоцияға беріліп, бір балл болсын, айырылып қалған жағдайлар кездесті. Енді 4 рет тапсыруға мүмкіндік туып отыр. Бұл балалар үшін зор мүмкіндік болады деп ойлаймын. Бүгін 3 санатқа жататын 35 мың үміткер тест тапсырады. Бұл – 11 және 12-сыныптың оқушылары, жоғары оқу орындарында шартты түрде білім алып жатқандар мен шығармашылық мамандықтан өзгесіне ауысатындар. Соңғыларын тесттен бөлек, тағы екі емтихан күтіп тұр. Қуаныш Мәліков, ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары: – Мысалы, оқушы спорт және денешынықтыруда оқып жатыр. Ол жерге шығармашылық мамандық тапсырды. Енді бала қазір заңгер болғысы келсе, бір семестрден кейін құқықтану мамандығына ауысқысы келеді. Яғни ол құқықтанудың екі таңдау пәнін қайтадан тапсыруға тиісті.
Қоғамдастық талқылаулары
День Знаний
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
cgvbcvb