«Ұлы даланың жеті қыры

30.01.2019

Ата-аналар мен оқушылардың қатысуымен Тарих күні «Ұлы даланың жеті қыры» атты дөңгелек үстел өтті.Іс шараның мақсаты: ата-аналар мен балаларды дөңгелек үстелге қатыстыра отырып, Ұлы даланың жеті қырын талдау, олардың отбасылық тәрбие туралы ұғымдарын кеңейту, тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен, басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру. Дөңгелек үстелге 1-2 сынып оқушыларының ата-аналары, балаларымен қатысты.

Дөңгелек үстелде ата-аналар Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқыға салып, ойларымен бөлісті. Баланы өмірге әкеліп, адам етіп өсіру үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап етеді. Ата-аналар тәрбиеге байланысты ситуациялық сұрақтарды шешіп, пікір алмасты. Алдын ала берілген үй тапсырмасына да ата-аналар аса үлкен жауапкершілікпен дайындалғаны дөңгелек үстелді мазмұнды ете түсті. 2 «А» ат әбзелдері мен қамшы, 2 «Ә» ұлттық тағам, 1 «Ә» баланы бесікке бөлеу, 1 «А» ұлттық ою-өрнектер туралы ой бөлісті.Тәрбиелік мәні зор дөңгелек үстелге ата-аналар жылы тілектері мен ыстық ықыластарын білдірді.Іс шараны Шайхиден Ибраһим мен Біржан Елдана өздерінің ән шашуларымен аяқтады. В.А.Сухомлинский: «Тек қана ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі мүмкін» демекші дөңгелек үстелге белсенді қатысып, атсалысқандары үшін ата-аналарға шексіз алғысымызды білдіреміз


 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016