ҰБТ – 2019. Қандай өзгерістер болмақ?
01.02.2019Бүгін елімізде ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады, деп хабарлайды «Хабар 24». 35 мың үміткер осы жылдың алғашқы сынағынан сүрінбеу өтуге тырысып көрмек. Айта кетейік, биылдан бастап бірыңғай тестілеу жылына төрт мәрте өтеді. Ықылас Айбасов – Әлкей Марғұлан атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы. Бүгінгі өзгеріс енгізілген ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынап көрмек. Болашақта заңгер болуды көздейді, сондықтан адам құқықтары мен дүние жүзі тарихын қосымша пәндер ретінде таңдады. Оның айтуынша, алдымен қысқы және көктемгі сынақтарды байқап көріп, жазғы тестілеуге күш салмақ. Ықылас Айбасов, Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектебінің оқушысы: – 11 жыл оқыған білімімді тексеру. Алда келе жатқан жазғы ҰБТ-ға дайынмын ба? Дайындалу деңгейім қандай? Екіншісі, бұл – ҰБТ-да болатын атмосфераны байқау, бойымда қандай эмоциялар болатынын, қандай көңіл-күй болатынын анықтау. Биылдан бастап тестілеу жылына төрт рет өткізіледі. Осыған дейінгі қаңтар, маусым және тамыз айларына енді наурыз қосылды. Осылайша, жаздағы негізгі сынаққа дейін үміткерлер екі мәрте өз шама-шарқын біле алады. Ескеретін жайт, мемлекеттік грантқа қол жеткізу үшін оқушылар міндетті түрде маусым-шілде айларындағы тестке қатысып, жоғары балл жинауы тиіс. Ал өзге үш сынақ тек ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік береді. Гүлжазира Сәдуақасова, Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектептің 11-сынып жетекшісі:
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/290101-bt-2019-andaj-zgerister-bolma
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Қоғамдастық талқылаулары
День Знаний
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
cgvbcvb