Мақала
08.04.2020 8-сәуір сәрсенбі күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланды. Мақалада Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемдік дағдарыс пен қауіпті індетке қарсы тұруы, халық болып бірігуден басталатынын жеткізді. ... Өмірдің өзі, дәл бүгінгі қалыптасқан жағдай біз ұстанған бірігу мен бірлесуге негізделген саясаттың бірден-бір дұрыс жол екендігіне көзімізді жеткізіп отыр. Жаһан жұртшылығын әбігерге салған пандемия жаңа бүкіл әлемде экономикалық дағдарыс туғызды. Алып кәсіпорындардың жұмысы тоқтады, көлік атаулының қозғалысы шектелді.
Ұлы Абай атамыздың "Кімге достығың болса, достық шақырады" деген дана қағидасын басшылыққа алып, әлемнің барлық мемлекетімен арадағы келісім мен достыққа, өзара сенім мен ықпалдастыққа негізделген саясат ұстандығын, іргелес елдердің бәрімен тату қарым-қатынас ынтымақтастық деңгейде екендігін айтып өтті. Біз – біртұтас ел, бірлігі берік жұртпыз. Елбасы әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да сіздермен біргемін. Біз біргеміз. Қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмайық деген қағидалы оймен жеткезді. Сонда ғана біз қастерлі тәуелсіздігімізді сақтап, Қазақстанды «Мәңгілік ел» болуға лайықты ете аламыз деп Елбасы өз мақаласында айқын айшықты ойлармен, сеніммен жеткізе білді.
Қоғамдастық талқылаулары
День Знаний
1
391
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
0
0
cgvbcvb