Кәсіби – құзырлы, шеберлілік деңгейі жоғары, рухы биік басшы
02.10.2020Бұлбұл Ахмадиқызы Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясында директор болып 2015 жылдың 9 қыркүйегінен бастап қызмет атқаруда. 1997 жылы М.Қозыбаев атындағы университетін аяқтап, «математика және информатика» мұғалімі мамандығын алды. Өзі өте еңбекқор, жауапкершілігі жоғары деңгейдегі креативті басшы. Қазіргі заманғы инновациялық әдістерді, ақпараттық коммуникативті технологияның мүмкіндіктерін ұжымның шығармашылық деңгейлерін арттыру мақсатында ұтымды пайдаланады.
Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды бағалау, яғни оқу үрдісінде бағалаудың технологияларын пайдалану болып табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Бұлбұл Ахмадиқызы мектептің даму жоспарында да көзделген мақсатты орындауда аянбай еңбек етуде. 2019-2020 оқу жылында әлеуметтік желіні білім беру жүйесінде қолдануда дайындық жұмысын ұйымдастыру мақсат етті. Цифлы Қазақстан жобасын жүзеге асырды. Осы негізде электронды асхана, мобильді кітапхана, ІT кабинет, «Абай – дана, Абай –дара қазақта» атты QR-кодпен негізделген әлемдік карта қабырға бұрышын жасақтады. Директор ұстаздардың педагогиалық шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиясын жинақтап, насихаттау, әдістемелік бірлестік жұмыстарына жетекшілік жасау, инновациялық технологияларды игеруде түрлі іс-шаралар, семинарлар, конференциялар өткізуде әдістемелік қызметтің түйінді мәселелерін анықтап, оны жүзеге асыруда жұмыстар атқарады. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім және тәрбие беру тәжірибесі, дәлірек айтсақ, нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық үдеріс. Биылғы 2019-2020 оқу жылында облыстық, қалалық семинар ұйымдастыруға ат салысты. Сонымен қатар, ата-аналармен ылғи тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарады. Уақтылы жиындар өткізіп тұрады, жеке сұрақтармен келген ата-аналарға көмегін көрсетіп, мәселесін шешіп береді.
Бұлбұл Ахмадиқызы - өзіндік жеке көзқарасы бар тұлға, соны қорғай білетін, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман. Білуге ұмтылатын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын ұжымына іскер басшы ретінде барлық жағдай жасауда. Ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік, сараптамалық қабілеттері жоғары. Ғаламдасуға байланысты ғаламтор жүйесін меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын маман. Директор болып келгеннен мектептің базалық жағадайын жақсартты. Дәліздер мен кабинеттер жанын тақырыптық суреттермен безендірді. Оқушылар мен ұстаздарға қолайлы жағдайлар жасауда. Мықты басшымен мектебіміз биіктерге жете берсін!










Қоғамдастық талқылаулары
День Знаний
1
399
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
0
0
cgvbcvb
