«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ТӘРТІП БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ" ОНЛАЙН ОТЫРЫС

28.10.2020


Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, тәртіп бұзушылықтың өсуіне жол бермеу. Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен тәртіп бұзушылық мәселесі әрқашанда, қандай қиын қыстау заман болмасын кез келген мектепті, ата-ананы алаңдататын мәселе. Сол олқылықтың алдын алу мақсатында мектебімізде 23.10.2020ж күні 9-11 сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне арналған «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен тәртіп бұзушылықтың алдын алу» атты онлайн отырыс өтті.
Мақсаты: Оқушылардың мәдениеттін қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын артыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР 235-V ҚР Заңының баптарымен таныстыру.
Спикерлер директордың ТІЖ орынбасары Нұртаева А.Т., әлеуметтік педагог Аблина А.К. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚР Заңының 127-бап. «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау»;
425-бап. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу;
442-бап. «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы»,
-440-бап. «Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу» баптарын жете түсіндіріп, мазмұндалған баптар негізінде оқушы тарапынан тәртіп бұзушылық немесе құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда оқушы мектепішілік тіркеуге алынатыны, құқық бұзушылық әрекетті жылына 2 рет қайталан жағдайда, жергілікті ішкі істер бөліміне тіркеуге алынып, 18 жасқа дейін есепте тұратыны, карантин талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылатындығы, бұдан бөлек жасөспірімнің алькоголдік ішімдік ішкені анықталса, наркологиялық орталыққа 4 айға есепке алынатыны туралы айтылып, ескертілді. Дәріс соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін ортаға салды. Болашақта құқықтық сауатты жастарымыз болатынына сенімдіміз.

 

 

 




Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016