Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!

29.12.2021

Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!
Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз. Сиыр жылын артқа тастап, міне барыс жылын да қарсы алдық. «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа»- демекші айтулы мереке біздің ошағымызда да аталып өтті. 29 желтоқсан күні 0-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Төрлет, құтты Жаңа жыл!» атты сыныпішілік мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Әр сыныпқа Аяз Ата мен Ақшақар қонаққа барды. Мұғалімдеріміз өздері ертегі кейіпкерлерінің кейіпіне еніп, оқушылардың көңілдерін көтерді.Балалар келген қонақтармен бірге шыршаны айнала би билеп,ойын ойнады. Әдемі киім киген оқушыларымыз ортаға шығып, Аяз Атаның қолынан тәтті сыйлықтарға ие болды. Мерекенің соңында барлық балалар тәтті сыйлықтар алды, бір де бір бала сыйлықсыз қалған жоқ. Жаңа Жылдың мерекесі жақсы өтті. Жаңа жыл бұл күн тіршіліктің барлық иелеріне жаңа үміт, қуаныш, ерекше махаббат сыйлайды. Сыныпішілік мерекелік іс-шараның қуанышқа толы көңілді сәттері әрбір шаңырақта сақталсын! Ескі жыл есіркеп, Жаңа жыл жарылқасын!

Фото https://www.instagram.com/p/CYEkbNet4jv/



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016