«Ризашылық пен алғыс» атты мерекелік концерті ұйымдастырылды

04.03.2022

Бүгін 2022 жылдың алғашқы көктемі 1 наурыз - «Алғыс айту күніне» орай №25жалпы білім беретін орта мектеп қабырғасында «Ризашылық пен алғыс» атты мерекелік концертін ұйымдастырылды.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуы және береке бірліктің нышаны. Мерекелік концертті мектебіміздің директоры С.Н.Тұрсынова ұжымға деген құттықтау лебізімен бастады.
Алғыс айту қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Қазақстан халқы бұл мейрамды алғаш рет 2016 жылдың 14 қаңтарында Елбасы жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін, яғни 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.
Тәуелсіз елімізде тұрып жатқан көп ұлттың татулығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін бұл мерекеде бір-біріне алғыс айту арқылы егемендіктің туын жоғары ұстап тұрамыз. Мектеп ұжымының мерекелік концерті сол тұрақтылықтың берік үлгісі екені сөзсіз.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016