«Қыз Жібек» драмасынан қойылым
06.05.2022Сәуір айының 27 – 29 күні қалалық білім бөлімі жерлес, жазушы Ғабит Мүсіреповтың 120 жылдық мерейтойына орай қала мектептері ұстаздарының арасында «Қыз Жібек» драмасынан қойылым қою сайысын ұйымдастырған болатын. Байқаудың мақсаты: Ғ. Мүсірепов шығармашылығын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мұғалімдердің оқушылар мен ата-аналар алдындағы беделін арттыру, мұғалімдердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Біздің мектебіміздің ұстаздары қазақ тілінде білім беретін мектептердің арасынан оза шауып, 1-орынды жеңіп алды. Байқауда актерлік шеберлігімен ерекше көзге түсіп, Шегенің рөлін сомдаған –дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Бейбіт Хасенұлы Алғыс хатқа ие болды. Барлық қатысушы актерлеріміз өздеріне тиесілі рөлге жауапкершілікпен қарап, асқан шеберлікпен сомдай білді! Әріптестерімізді тамаша жеңістерімен құттықтаймыз!
Қоғамдастық талқылаулары
День Знаний
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
cgvbcvb
