Әдеттегідей Жаңа жыл қарсаңында қорытындылау жумысы жүргізіледі. Бүгін 2023 жылды қорытындылай отырып, ауданның білім саласында айтарлықтай оң өзгерістер болғанын атап өткім келеді.

27.12.2023

Әдеттегідей Жаңа жыл қарсаңында қорытындылау жумысы жүргізіледі. Бүгін 2023 жылды қорытындылай отырып, ауданның білім саласында айтарлықтай оң өзгерістер болғанын атап өткім келеді.

         Президент ауыл және қала оқушыларының білім беру мүмкіндіктері тең болуы тиіс екенін атап өтті. Сондықтан қазіргі заманғы білім беру ең алдымен білім беру сапасын жақсартуға, сондай-ақ оқушыларды қауіпсіз және жайлы оқыту үшін ауылдық мектептер қалалық мектептердің мүмкіндіктерімен теңестіруге бағытталған бірқатар өзгерістерден өтуде.

         Ауыл мектептерін жаңғырту күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді, мектептерді пәндік кабинеттермен, мектеп жиһаздарымен жабдықтандыруды, мектеп кітапханалары мен асханаларын жаңғыртуды, сондай-ақ балалар үшін қауіпсіз және жайлы жағдайларды қамтиды.

         2023 жылы Дауқара орта мектебінде, Новосветловка орта мектебінде, Ақан бөбекжай балабақша мектеп кешенінде жалпы сомасы 400 миллион теңге құрайтын күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Соңғы 5 жылда ауданда жалпы сомасы 2,1 миллиард теңгеге 20-дан астам білім беру нысаны жөнделгенін атап өту қажет.

         Қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту үшін мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мектептерді жаңғырту аясында ағымдағы жылы мектеп жиһаздары жаңартылды. Бұл мектеп үстелдері мен орындықтар, коворкинг-орталықтарға арналған модульдік үстелдер, пуфиктер, мектепке дейінгі мекемелерде жиһаз жаңартылды. Жалпы сомасы 78 миллион 446 мың теңгені құрайды.

         Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа оқу жылында 1-4 сынып аралығындағы барлық оқушылар отбасы мәртебесіне қарамастан тегін ыстық тамақпен қамтылған – бұл 1926 бала, сондай-ақ тегін ыстық тамақпен әлеуметтік осал топтардан 867 бала қамтамасыз етілді, бөлінген сома 163 миллион 710 мыңды теңге құрайды. Ағымдағы жылы мектеп асханаларына қауіпсіз және жайлы тамақтану жағдайларын жасау үшін 29 миллион 213 мың теңгеге асхана жиһазы және ас үй жабдықтары сатып алынды.

         Жыл сайын оқу әдістемелік және көркем әдебиет сатып алуға қаражат бөлінеді. Ағымдағы жылы Мемлекет оқу әдебиетіне 37 миллион 500 мың теңге бөлді.

Тәрбие жұмысының маңызды векторларының бірі кітаптың беделін арттыруға, оқуды қолдауға және отбасылық оқу дәстүрлерін жандандыруға бағытталған "оқу мектебі" жобасы. Бұл жоба ауданның барлық мектептерінде жүзеге асырылуда. Тек ағымдағы жылы 13 миллион теңгеге көркем әдебиет сатып алынды. Сонымен қатар, кітапхана жиһаздары да жаңартылуда – бұл мектеп асханаларының оқу залдарына арналған сөрелер, үстелдер мен орындықтар.

         Соңғы 3 жылда аудан мектептерінде спорттық құрал-жабдықтар (доптар, конькилер, шайбалар, клюшкалар, шаңғылар және т.б.) 35% жаңартылды. Тек ағымдағы жылы ғана 15 миллион 800 мың теңге сомаға спорттық жабдықтар сатып алынды.

         37 миллион 305 мың теңгеге 5 заманауи пәндік кабинет және 9 миллион 450 мың теңгеге 27 проектор сатып алынды.

         Оқушылырға ыңғайлы жағдай жасау және оқушылардың денсаулығын сақтау үшін жалпы сомасы 10 миллион 708 мың теңгеге мектептерге ағымдағы жөндеу, сондай-ақ 15 миллион 600 мың теңгеге ішкі дәретханаларға жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, демеушілер есебінен жалпы сомасы 6 миллион 500 мың теңгеге мектеп дәретханаларына жөндеу жүргізілді.

         Оқушыларды қауіпсіз және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын білім беру мекемелерінің автопаркі жаңартылып отырады. Соңғы 3 жылда «Газель» маркалы 4 автокөлік сатып алынды. Ағымдағы жылы 114 млн теңге сомасына 21 орындық үш жаңа мектеп автобусы алынды.

         Мектеп ғимаратында балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Ауданда білім беру ұйымдарының 100% - ы бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Бейнекамералардың барлығы 610, оның ішінде ішкі камералар – 379, сыртқы камералар – 231. Қазіргі уақытта камераларды аналогтық камералардан цифрлық камераларға техникалық жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 25 мектеп және 2 бөбекжай сөйлеу ескертуімен; дабыл түймелермен-5 мектеп және 2 бөбекжай жабдықталған; орталық жедел басқарманың көліктік бейнебақылауына 14 мектеп пен 2 бөбекжай қосылған.     

         Ағымдағы жылы «Саумалкөл №1 ОМ және №2 Саумалкөл МГ  700 адамнан асатын мектептері, "Күзет-Сервис-Көкшетау" ЖШС лицензияланған күзетпен және "Қызылжар проект" ЖШС турникеттерімен 9 миллион 923 мың теңге сомаға қамтамасыз етілді. Балалар мен қызметкерлер ID - карталар бойынша мектеп ғимаратына өтеді.

         Білім беру мекемелерін қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін өзге де құрылғы-заттарға 82 миллион 180 мың теңге жұмсалды.

         Жалпыға бірдей білім беру қоры шеңберінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 779 бала 31 миллион 601 мың 693 теңге сомаға киім-кешек пен мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге қаржы алды.

         Ауданда балаларды мектепке дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтуды арттыру бойынша іс-шаралар өткізілді. 2023 жылы 15 тәрбиеленушіге арналған Рудный орта мектебінің жанындағы шағын орталықта және 25 балаға арналған «Родничок» бөбекжай-бақшасында 1 топ толық емес жастағы балалар тобының жұмысы қайта жанданды. Бастауыш мектеп жасына дейінгі балаларды (2 жастағы балалар) қамтуды ұлғайту үшін ағымдағы жылы «Колосок» бөбекжайында ерте жастағы топтардың саны ұлғайтылды, бұл балаларды қамтуды ұлғайтуға ықпал етті. Ерте жастағы тәрбиеленушілердің жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 75 –ке, немесе 5% - ға өсті.

         Осылайша, 2023-2024 оқу барысының басында мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 1014 тәрбиеленушіні құрады, оның ішінде 3 жастан 6 жасқа дейін – 100%, 2 жастан 6 жасқа дейін 99 %.

         Бастауыш негізгі және орта білім беру саласындағы маңызды жетістіктердің бірі, оқушылардың білім сапасын арттыру болып табылады. 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша білім сапасы 80,08% құрады. Жаратылыстану-гуманитарлық бағыт бойынша білім сапасы – 79,4%, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім сапасы-80,67%.

         11 сыныптың 205 түлегінің 23 түлегі "Алтын белгі", 15 түлегі ерекше үлгідегі аттестат алды. Жазғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге түлектердің жалпы санынан 162 талапкер (78,6%) қатысты. Аудан бойынша орташа балл 76,7 құрады, бұл 2022 жылғы ҰБТ-дан 8,1 баллға жоғары.

         Оқушылардың білімін бағалау жүйесіне жетістіктерді сыртқы бағалау кіреді. Білім алушылардың білімін дағдыларын анықтау нәтижелері бойынша тестілеуге қатысқан Гусаковка ОМ оқушылары үздік нәтижелер көрсетті: 3 – сынып-72,2% облыста 1-орынды иеленді және облыстық орташа көрсеткіштен 17,1% жоғары нәтиже көрсетті, 7 – сынып – 53,4% облыста 2-орынды иеленді және облыстық орташа көрсеткіштен 5% жоғары нәтиже көрсетті.

         Оқушылардың зияткерлік, спорттық және шығармашылық байқауларының нәтижелері оқушыларды даярлау бойынша сапалы жұмыс туралы айтады.  Ағымдағы оқу жылында өткен кейбір байқауларға тоқталғым келеді.

         «Зерде» ғылыми жобалар сайысының аудандық кезеңіне 105 бала қатысты, оның 10-ы біздің ауданды облыстық кезеңге ұсынды, оның қорытындысы бойынша бір оқушы жеңімпаз, 7 бала жүлдегер атанды. Жеңімпаз республикалық кезеңге қатысады (2024 ж.қаңтар).

         Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық кезеңінде 9-11 сыныптар арасында 26 оқушы қатысты, оның ішінде 4 қатысушы өз жобаларын ұсынды, нәтижесі бойынша бір оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.

         "Менің кіші Отаным" республикалық зияткерлік байқауы-аудандық кезеңге 28 оқушы қатысты, Саумалкөл №1  орта мектебінің 10 сынып оқушысы Омербулатов Максат облыстық және республикалық кезеңдерде жеңімпаз атанды.

         «Бірегей экспонат-құжат» облыстық презентация байқауында  жеңімпаз  Саумалкөл №1 орта мектебінің 11 «А» сынып оқушысы - Курмангалиева Гульнар  Ринатовна 1 орын; Сырымбет орта мектебінің 7 сынып оқушысы - Ибралин Дамир Адилханович 2 орын алды.

         «Ақберен» шешендік өнер және музыкалық импровизация бойынша Республикалық байқауға аудандық кезеңде 15 оқушы қатысты, облыстық кезеңнің жеңімпазы Бірлестік орта мектебінің оқушысы Кенжебулатова Карима атанды.

         «Ғылымдарының бастауында...» математикалық бағыт пәндері бойынша олимпиаданың аудандық кезеңіне 7-9 сынып оқушылары арасында 84 бала қатысты. Байқау қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 5 адамнан тұратын команда қатысады.

         Ауылдық олимпиаданың облыстық кезеңінде 9-11 сынып оқушылары арасында 6 оқушы жеңімпаз атанды: ағылшын тілі бойынша - Имантау орта мектебінің 9 сынып оқушысы Малышева Кристина; биология пәні бойынша – Лобанов орта мектебінің 9 сынып оқушысы Острижной Владислав; орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша – Лавровка орта мектебінің 11 сынып оқушысы Агеева Милана; география пәнінен - Шалқар орта мектебінің 9 сынып оқушысы Сәлім Астемір, Лобанов орта мектебінің 11 сынып оқушысы Торегелды Азамат және Қазақстан тарихы бойынша – Саумалкөл №1  орта мектебінің 11 сынып оқушысы Курмангалиева Гульнар.

 Олимпиаданың осы кезеңінің жүлдегерлері 37 оқушы болды:

Биология пәні бойынша - 2 орын – Шүкірлік орта мектебінің 9 сынып оқушысы Байсерік Аяжан; Саумалкөл №2 мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы Жантлеуова Диляра;  Златогорка орта мектебінің 11 сынып оқушысы Зубковская Милана;

3 орын – Саумалкөл қазақ мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Азаматова Эльвина; Дауқара орта мектебінің 10 сынып оқушысы Куанышева Анель; Имантау орта мектебінің 10 сынып оқушысы Габайдулина Алина; Лобаново орта мектебінің 11 сынып оқушылары Дағыстан Көктемгүл және Леонтьева Кристина;  Математика пәні бойынша - 2 орын – Саумалкөл қазақ мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Игамбердиева Феруза;

3 орын – Лобаново орта мектебінің 9  сынып оқушысы Дағыстан Жаркынгул; Қызыл – Аскер орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сәбит  Есімхан; Саумалкөл қазақ мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Кобеев Алмас; География пәні бойынша - 2 орын – Лобаново орта мектебінің 9 сынып оқушысы Новоселов Максим;  Лобаново орта мектебінің 10 сынып оқушысы Искаков Нурбол; Лобаново орта мектебінің 11 сынып оқушысы Кайдарбек Аян; Имантау орта мектебінің 11 сынып оқушысы Шабаева Дарина; 

3 орын – Рудная орта мектебінің 9 сынып оқушысы Айтбай Әділжан; Физика пәні бойынша - 3 орын – Антоновка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Маухитова Эвелина; Саумалкөл қазақ мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы Қайыртай  Мәдияр; Бірлестік орта мектебінің 11 сынып оқушысы Құрманқұл Елсанат; Химия пні бойынша - 3 орын – Имантау орта мектебінің 9 сынып оқушысы Твердохлебова Арина; Лобаново орта мектебінің 11 сынып оқушысы Айбек Қыдырбай; Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша -  3 орын – Антоновка орта мектебінің 9 сынып оқушысы Ибраева Дильназ; Орыс тілінде оқытатын қазақ тілі піні бойынша - 2 орын – Антоновка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Войт Елизавета; Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша - 2 орын – Аксеновка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Атығай Аружан;

3 орын – Арықбалық орта мектебінің 10 сынып оқушысы Климкина Анастасия; Новосветловка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Герасимчук Яна; Лобаново орта мектебінің 11 сынып оқушысы АйтеноваКарина; №1 Саумалкөл орта мектебінің 11 сынып оқушысы Гаврилова Аделина; Қазақ тілінде оқытатын орыс тілі пәні бойынша - 3 орын – №2 Саумалкөл мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы Газизова Камила; №2 Саумалкөл мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы Жамалиденова Адема; Саумалкөл қазақ мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Омар Мөлдір; Карасевка орта мектебінің 11 сынып оқушысы Жетпісбай Нарқыз; Ағылшын тілі пні бойынша - 2 орын -  №2 Саумалкөл мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы Бейсенова Альбина;

3 орын – Бірлестік орта мектебінің 11 сынып оқушысы Рахымбек Риза; №2 Саумалкөл мектеп гимназиясының 11 сынып оқушысы Хайрол Нұргул; Қазақстан Тарихы пәні бойынша - 2 орын – №1 Саумалкөл орта мектебінің 10 сынып оқушысы Омирбулатов Максат;

3 орын – Қаратал орта мектебінің 10 сынып оқушылары Бекенова Айнур және Шытырымбекова Дильназ; Құқық негіздері - 3 орын – Имантау орта мектебінің 11 сынып оқушысы Назарова Ксения.

         Мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған "Қос Аңыз Кубогы" білім беру ұйымдарының басшылары мен жас педагогтарға арналған облыстық пікірсайыс турнирінде – 1 орынды Рудный орта мектеп директоры Иваниенко Александр Иванович және Лобанов орта мектебінің тарих пәнің мұғалімі Аукенов Айбек Ауесбекович иеленді.

         Оқушылар арасындағы «Stop буллинг» облыстық пікірсайыс турнирінде ауданымыздың оқушылар командасы 3 орын алды.

         «Жас Жұлдыздар» облыстық байқауында Айыртау ауданының қосымша білім беру орталығының тәрбиеленушілері «Вокал» номинациясы бойынша 2 жүлделі орынға, «Аспапта орындау» номинациясы бойынша 3 жүлделі орынға, «Хореография» номинациясы бойынша 1 жүлделі орынға ие болды.

         Тоғызқұмалақтан облыстық кезеңде Ұлттық Мектеп лигасының 9-11 сынып ұлдары мен қыздары арасында Комаровка орта мектебінің 7-8 сынып оқушылары чемпион атанды, футзалдан 9-11 сынып оқушылары – Антоновка орта мектеп оқушылары чемпион болып атанды.

         2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында жарыста жеңіл атлетикалық кросс бойынша Спасский Дмитрий 1 орын алды, сол санатта 2 орынды №1 Саумалкөл орта мектебінің оқушысы Каримов Дамир иеленді; 2010-2011 жылы туған ұлдар арасында 2 орынды Шалқар орта мектебінің оқушысы Альбертович Антон иеленді.

         Айыртау ауданы мұғалімдерінің құрама командасы футболдан облыстық «Мұғалім» спартакиадасының жеңімпазы атанды.

         Жазғы көпсайыстан облыстық жарыстарда №2 Саумалкөл орта мектеп гимназиясының дене шынықтыру мұғалімі Терещенко Александр Андреевич 3 орын алды.  Президенттік көпсайыстан «Ақ Бидай-2023»  облыстық жарыста Гусаковка орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі Давыдов Алексей Александрович қола жүлдегер атанды.

         Озық тәжірибені тарата отырып, педагогтар облыстық семинарларға белсенді қатысады. Ауданымыздың базасында ағымдағы жылдың қараша айында «Заманауи білім беру жүйесіндегі көшбасшылық» тақырыбында облыстық семинар өткізілді, оған Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті, облыстық  Білім басқармасының «Өрлеу" Біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы" Акционерлік қоғамы кәсіби даму институты филиалының басшылары, БҰ «Алматы Менеджмент  Университет» Президенті,  сондай-ақ облыстың білім бөлімдерінің басшылары, облыстың мектептері мен колледждерінің директорлары қатысты. Сондай-ақ қараша айында «Колосок» бөбекжай-бақшасында мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері мен әдіскерлеріне арналған «Заманауи мектепке дейінгі білім беру: тиімді даму мысалдары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.  Қатысушылар семинарлардың өткізілуіне жоғары баға беріп мол тәжірибемен алмасты.

         «Колосок» бөбекжай-бақшасы Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғ. Бейсембаевтың бастамасымен республикалық жобаға кірді. Балабақша озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталығына айналды. Жоба мектеп жасына дейінгі балаларда функционалдық сауаттылық негіздерін қалыптастыру үшін мазмұнды, құрылымды, әдістемелік құралдарды әзірлеуге және білім беру процесіне енгізуге бағытталған. Жобаны іске асыру балалар өмірінің бес жетекші саласы арқылы жүзеге асырылады: денсаулық сақтау, коммуникативтік, танымдық-зияткерлік, шығармашылық-зерттеу және әлеуметтік-эмоционалдық қызмет.

         Маусым айында аудан мектептерінің оқушылары қазақ халқының мәдениетімен, салт – дәстүрімен, тұрмысымен, ұлттық болмысын насихаттайтын «Ұлттық код-рухани болмыс кілті» атты жас өлкетанушылардың аудандық фестивалі өтті. Фестиваль қатысушылары импровизацияланған ауылдарға барып, ағаш ою, қыш ыдыстарды бояу, көрпе тігу, киізден жасалған бұйымдар жасау өнерімен танысты,  сондай-ақ қымыз, құрт дайындау бойынша шеберлік сыныбын көрді. Балалар бауырсақ дайындау технологиясымен танысты. Олар садақ атуды, атқа мінуді, ұлттық ойындар ойнауды үйренді – «Бес асық», «Асық ату», «Арқан тарту».

         Ағымдағы жылдың шілде айында «Чайка» балалар сауықтыру орталығының базасында өлкетанушылардың бірінші облыстық слеті аясында конкурс өткізілді, оған облыс мектептерінің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Айыртау ауданының командасы (Саумалкөл №1  орта мектебі, жетекшісі – Букенов Е.Ж) күміс жүлдегер атанды.

         Ауданымыздың базасында облыстық туристік слет өткізу де жыл сайынғы дәстүрге айналды.

         Ауданның білім беру мекемелерінде оқушыларды тәрбиелеудің біртұтас тәрбие бағдарламасы енгізілді, ол «Ар-ұят», «Талап», «Ұлттық мүдде» үш құндылықты іске асыруға бағытталған. Тәрбиенің екі маңызды институты - отбасы мен мектеп олар тығыз жұмыс істеуі керек. Дәл осы мақсатта мектеп пен ата – аналар арасындағы әріптестік қатынастарды дамытуға бағытталған өзара іс-қимылдың жаңа форматы бойынша ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының өңірлік жобасы әзірленіп іске қосылды, мұнда мүдделер орталығы-біздің балаларымыз, олардың табыстылығы мен әлеуетін іске асыру.

         Құрметті әріптестер, ата-аналар және оқушылар! Әр жыл сайын біздің оқушылар мен мұгалімдер үлкен жетістіктер мен жетістіктерге қол жеткізуде. Келе жатқан 2024 жыл Айыртаулықтардың жаңа жарқын есімдерін ашып, жаңа жетістіктер уақыты болатынына сенімдімін.

Әдеттегідей Жаңа жыл қарсаңында қорытындылау жумысы жүргізіледі. Бүгін 2023 жылды қорытындылай отырып, ауданның білім беруінде айтарлықтай оң өзгерістер болғаның атап өткім келеді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Артқа

Қоғамдастық талқылаулары

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016