
Осы сәтте басқа адамның ақылақтық жәрдемі, жанашырлығы мен түсінушілігі керек. Бұл қолдауды психологиялық көмек бойынша сенім телефоны арқылы шұғыл қызмет көрсетеді.
Егер сенім телефоны номерін терсеңіз, сізге келесі қызметтер көрсетіледі:
- кеңесшімен сөйлесе аласыз, себебі, өзіңді мазалап жүрген мәселе туралы жақыныңнан гөрі, бөтен адаммен бөліскен жеңілірек болады;
- Қоңырау шалу жасырын және құпия (Сізден аты – жөніңізді немесе оқу орныңызды айтуды сұрамайды, өзіңіз туралы не айтқыңыз келсе, соны ғана айтасыз, тіпті ол ақпаратты да ешкім ешқашан білмейді);
- Сіздің телефон номеріңіз анықталмайды, әңгімелесу жазылмайды;
- Сенім телефонының кеңесшілері сіздің жан күйзелісіңізден құтылуға, мәселені өздігінен түсінуге және қиын жағдайдан құтылу жолын табуға көмектеседі.