Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

⚜️ Қазіргі таңда білім беру саласында заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану – уақыт талабы.

24.10

⚜️ Қазіргі таңда білім беру саласында заманауи технологиялар мен жасанды интеллекттің мүмкіндіктерін тиімді пайдалану – уақыт талабы.
2025 жылдың 24 қазанында Әдістемелік орталығы ұйымдастырылған облыстың қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінен құрылған «Тіл-таным» зертханасы «Жасанды интеллект – тіл мен әдебиеттің заманауи серігі» тақырыбында кезекті отырысын Мамлют ауданының Бексейіт орта мектебінде өтті.
🔰 Семинардың мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда жасанды интеллекттің заманауи мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы оқу сапасын арттыру.
Іс-шараға 30-ға жуық қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері қатысты. Семинар барысында жасанды интеллект платформаларын тиімді қолданудың тәжірибелері көрсетіліп, мұғалімдер ашық сабақтар өткізді. Сонымен қатар, «Тілге бойлау» республикалық жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Тіл мұрасы» облыстық жобасын тәжірибеге енгізу бағытында жинақталған іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинарға қатысушыларды «Smart Bala» жобасы бойынша «Зерде» республикалық зерттеу-шығармашылық байқауында жүлделі орын алған оқушылардың жобаларымен және оқу сауаттылығын дамытуға арналған элективті курс бағдарламаларымен таныстырды.
Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллекттің білім беру үдерісіндегі маңыздылығына көз жеткізіп, оны тіл мен әдебиет сабақтарында қолданудың тиімді әдістерін меңгерді. Мұндай тәжірибе алмасу алаңдары мұғалімдердің кәсіби дамуына, оқу сапасының артуына және инновациялық оқыту ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер