Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

Ойын арқылы оқыту - тиімді оқытудың кілті!

28.11

🔰 Ойын арқылы оқыту - тиімді оқытудың кілті!
«Бастауыш сынып сабақтарында мотивацияны арттыру құралы ретінде геймификация» тақырыбындағы облыстық семинарда бастауыш сынып мұғалімдері оқу үдерісінде ойын технологияларын қолданудың қыр-сырын ашты.
Егер балалардың қызығушылықпен оқуын қаласаңыз- сабаққа ойын элементтерін енгізіңіз! Дәл осы идея «Ю.А. Гагарин атындағы №14 орта мектеп» КММ базасында өткен кездесуде талқыланды.
Қатысушылар геймификацияның оқу белсенділігін, мотивацияны және бастауыш сынып оқушыларының сабаққа деген қызығушылығын арттыра алатын тиімді технология екенін жан-жақты танып білді.
Семинардың практикалық бөлімінде педагогтар төрт тақырыптық зертхананың жұмысына қатысып, шынайы оқу жағдайларында қолдануға болатын мини-практикумдар арқылы ойын элементтерін өз сабақтарына бейімдеу жолдарын меңгерді. Алынған идеялар, құралдар мен тәжірибелер мұғалімдердің кәсіби қызметінде сенімді тірек болып, балалар үшін қызықты, ынталандыратын және заманауи білім беру кеңістігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер