Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

"Өмірдің барлық салаларындағы адалдық"

08.12

2025 жылдың 08 желтоқсан күні "№2 Новоишим орта мектебі" КММ-інде 1–11 сынып оқушылары үшін сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен
"Өмірдің барлық салаларындағы адалдық" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты: жас ұрпаққа адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сияқты адамгершілік құндылықтардың маңызын түсіндіру, күнделікті өмірде және болашақ мамандық таңдауда адал болуға тәрбиелеу.
Сынып сағаттары барысында оқушылар адалдықтың мәні туралы әңгімелесіп, түрлі өмірлік жағдаяттарды талдап, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар бейнематериалдар көрсетіліп, пікірталастар ұйымдастырылды.
Осындай тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, дұрыс бағыт-бағдар беруге және қоғамға пайдалы тұлға болып өсулеріне ықпал етеді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер