Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының даңқты қолбасшысы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығы

11.12

"Атаулы күндер– 2025" жоспарына сәйкес Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысының даңқты қолбасшысы, жазушы Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты:
Оқушыларға Бауыржан Момышұлының өмірі, шығармашылығы және соғыс жылдарындағы ерліктері туралы мәлімет беру, сондай-ақ оның тұлғасына деген қызығушылықты арттыру.
Іс-шара барысында оқушылар Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен соғыс кезіндегі ерліктерімен, оның шығармашылық мұрасымен және алған орден-медальдарымен танысты. Сонымен қатар «Ұшқан ұя», «Артымызда Москва», «Қанмен жазылған кітап» атты әдеби туындылары таныстырылды.
Шара кезінде арнайы әзірленген презентация көрсетіліп, оқушылар Бауыржан Момышұлының белгілі ұран сөздері: «Отан үшін отқа түс – күймейсің», «Өзіңді сыйлайтын жерге жылтыңдап бара берме, қадірің кетеді» нақылдарымен танысты.
Оқушылардың белсенділігі:
Қатысушылар жазушы туралы қосымша ақпарат алып қана қоймай, «28 Панфиловшылар» тарихын да айтып өтті. Олар Бауыржан Момышұлының ерліктері туралы өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, өз көзқарастарын ортаға салды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер