Корниюк Ислам— мектептің қоғамдық өміріне белсене араласатын, мақсатшыл да спортты серік еткен 11-сынып оқушысы.
13.12
Корниюк Ислам— мектептің қоғамдық өміріне белсене араласатын, мақсатшыл да спортты серік еткен 11-сынып оқушысы. Ол балалық шағынан спортпен айналысып, өз бойында тәртіп, жігер, төзімділік пен әрдайым алға ұмтылу қасиеттерін қалыптастырды.
Бүгінде Ислам тек жеке спорттық жетістіктерімен шектелмей, мектеп өміріне де елеулі үлес қосуда. Мектеп парламентінің спорт фракциясының мүшесі ретінде ол оқу орнындағы спорттық бастамалардың дамуына атсалысып, түрлі жобалардың жүзеге асуына үлес береді.
Ислам— еңбекқорлықтың, ұйымшылдықтың, белсенді азаматтық ұстанымның және Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі. Өз ісімен ол қатарластарына жігер беріп, әр жасөспірімнің қажырлы еңбектің арқасында үлкен жетістіктерге жете алатынын дәлелдеп жүр.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу