Меню KDT
ru kz en
Жаңалықтар | бүкіл жаңалықтар

«Адалдық–Тәуелсіздіктің тірегі»

15.12

2025 жылдың 15 желтоқсан күні «№2 Новоишим орта мектебі» КММ-де 9–11 сынып оқушыларына арналған «Адалдық–Тәуелсіздіктің тірегі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Іс-шараға еңбек ардагері Шаймерденов Ибрагим Ерденұлы арнайы шақырылды.
Кездесу барысында Ибрагим Ерденұлы оқушылармен өзінің өмір жолы, көп жылғы еңбек тәжірибесі туралы әңгімелеп, Жаңа Есіл станциясының тарихы мен дамуы жөніндегі ойларымен бөлісті. Сондай-ақ ол ел тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі— Желтоқсан оқиғасы туралы өз көзқарасын білдіріп, сол кезеңнің маңызын, тәуелсіздік жолындағы ерліктің мәнін ерекше атап өтті.
Ардагердің әсерлі әңгімесі оқушыларға үлкен ой салды. Жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ел тарихына, адалдық пен отансүйгіштік құндылықтарына қатысты маңызды мағлұматтар алды.
Кездесу соңында Ибрагим Ерденұлы жас ұрпақты адалдыққа, еңбекқорлыққа, елін сүюге және Тәуелсіздікті қадірлеуге шақырды. Мұндай тағылымды кездесулер оқушылардың патриоттық рухын нығайтып, тарихи санасын қалыптастыруға зор үлес қосатыны сөзсіз.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарауЖаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Соңғы талқылаулар | бүкіл талқылаулар

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Серіктестер