«Заманауи білім беру ақпараттық ортасы: дәстүр және инновация» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция.
07.04.2017
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығында 2017 жылдың 4-6 сәуір күндері Астана қаласында «Заманауи білім беру ақпараттық ортасы: дәстүр және инновация» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Осы конференцияға оқу-ісінің меңгерушісі Шаимова Асемгуль Алтаевна қатысты. Халықаралық конференцияға және соның аясында өткен тәжірибелік семинарларға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Конференция білім беру жүйесі және мамандарды дайындау саласындағы технологиялар мен құрал-жабдықтардың соңғы үлгілерін көрсететін WORLDDIDAC ASTANA 2017 халықаралық көрмесімен бірлесіп өткізілді.
Конференция жұмысына Австрия, АҚШ, Армения, Ұлыбритания, Нидерландия, Германия, Италия, Қырғызстан, Ресей, Чехия елдерінен мамандар қатысты.
Конференция бағдарламасы ауқымды болды: ғылыми баяндамалар, көрме-презентациялар, дөңгелек үстелдер, шеберлік сыныптары, оқыту курстары.
Конференцияның іскерлік алаңы бізге:
- - Білім беру жүйесін дамыту саласында жаңа ақпараттар алуға;
- - білім мазмұнын жаңарту және оқыту процессіне тиімді әдіс-тәсілдерді енгізу бойынша өзекті мәселелерді талқылауға;
- - білім беру ортасын модернизациялаудағы трендтермен, соңғы жетістіктермен, қазақстандық және шетелдік компаниялардың ақпараттық білім беру ресурстарын әзірлеудегі және модификациялаудағы соңғы жетістіктерімен танысуға;
- - оқу әдебиеттерін шығару бойынша тәжірибе алмасуға, оқу құрал- жабдықтары мен ақпараттық технологияларды өндірушілермен кездесулер мен келіссөздер жүргізуге, болашақтағы жұмыстар үшін іскерлік ынтымақтастық орнатуға, қолайлы жағдай жасады.
Конференция барысында жаңартылған оқу мазмұны бойынша әзірленген 2017-2018 оқу жылында білім беру үрдісіне ендірілетін 2, 5, 7 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің таныстырылымы және оқу әдебиеттерінің авторлары мен сарапшыларына арналған оқыту курстары мен тренингтер өткізілді.
Конференция қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті.





Обсуждения сообщества
День Знаний
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
cgvbcvb
