Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы аясында Қазақ мектеп-гимназиясында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» бойынша біріңғай тәрбие сағаты

29.11.2017

Қазақ мектеп-гимназиясында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу біріңғай сағаты» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы Амангелді Есмағзиұлы Сатанов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша дәріс оқыды. Қазақстан егемендік алған кезден бастап Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты арқасында, жемқорлықпен жаппай күресу саясатын мақсатты түрде жүзеге асыруда көптеген іс-шаралардың жүргізіліп жатқандығы жайлы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жолындағы заңдарды атап өтіп, әр заңға жеке- жеке тоқталып, талқыға салды. Оқушылар қызығушылық танытып, өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап ала алды. Сыбайлас жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара алу, не беру, парақорлыққа делдал болу туралы пікір алмасып, түйінді ойлар айтылды. Сонымен қатар, әлемдегі мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жазалау шаралары жайында сөз қозғалды. Бейнероликтер көрсетілді.

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары                   А. Нұртаева
 
 







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Ответить

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Ответить