«Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман» тақырыбында кеңейтілген ата-аналар жиналысы өтті
07.02.2018
2018 жылдың ақпанның 7-сі күні қазақ мектеп-гимназиясында «Бүгінгі шәкірт – ертеңгі маман» тақырыбында кеңейтілген ата-аналар жиналысы өтті. Бұл жиналысқа ЖОО мамандарынан қосымша ақпарат алу үшін 11-сынып оқушылары да қатысты. Жиналыс 3 бөлімнен тұрды. «Кәсіптік бағдар – болашаққа жол» атты жиналыстың 1-бөлімінде Петропавл құрылыс және экономика колледжінің, Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің, Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқуға қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің, Петропавл машина жасау колледжінің, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ өкілі және Қостанай юристік академиясының өкілі Спаин Әсет Манарбекұлы қатысып, оқуға түсу бойынша ақпараттармен бөлісті. Қабылданатын құжаттар ретімен таныстырып, оқушылардың және ата-аналардың сұрақтарына жауап берді. Жиналыстың 2-бөлімінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясының хатшысы Оспанова Гульмира Жабаевна ЖОО қабылдау бойынша жалпы ережелермен таныстырды. Оқушылар мен ата-аналар тарапынан қабылдау комиссиясының құжаттарды қабылдау мерзімі, басқа қала көлемінде тапсыруға рұқсат етілетіндігі және қай мамандықтар бойынша грант көп берілетіндігі туралы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар Чехия еліндегі ЖОО қабылдау бойынша «OPPORTUNITY» компаниясының бас маманынан да шет елге оқуға түсу бойынша оқушылар көптеген сұрақтарына жауап алды. Жиналыстың 3-бөлімінде М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушы-психологы Баязитова Ғалия Әкімбекқызы «Мен өзіме сенемін» тақырыбында оқушылармен психологиялық тренинг жүргізді. Психологиялық тренингте оқушыларды мамандықты дұрыс таңдай білуге бейімдеп, әр мамандықтың маңыздылығын түсіндіре білді. Бүгінгі өткен іс-шарадан оқушылар да, ата-аналар да көптеген ақпарат алып, ойларымен бөлісіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарға жауап алып, дән риза болып тарасты.
Обсуждения сообщества
День Знаний
1
391
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
0
0
cgvbcvb