Мектептердің алдына жаңа міндет қойылады. Назарбаев Білім күнімен құттықтады

05.09.2018

Мектеп сыныптарын аралап көрген Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ үшін кішігірім брифинг өткізді. Бірінші кезекте Мемлекет басшысы қазақстандық барлық оқушыны және олардың ата-аналарын Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Мемлекет басшысы бүгінгі таңда қазақстандық оқушылардың алдына жаңа міндеттің қойылғанын айтты - берілетін білімнің барлығы барынша тәжірибеге жақын болуы тиіс.  "Бастысы - оқу процесін жетілдіру. Оқу тәжірибеге жақын болуы тиіс, оқушылар алған білімдерін іс жүзінде пайдалана алуы керек. Ол дегеніміз, білім беру процесін жаңғыртуға бет алу. Ұстаздардың алдына маңызды міндет қойылады - берген білімдерін тәжірибе жүзінде іске асыруға балаларды бейімдеу", - деді Назарбаев. Оның айтуынша, елімізде көптеген жаңа мектеп ашылып жатса да, кейбір өңірде екі, тіпті үш ауысыммен оқитын мектептер әлі де бар. Елбасының сөзіне қарағанда, жаңа мектептер салу жұмыстары тек мемлекет есебінен емес, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік есебінен жалғасатын болады.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/mektepterdn-aldyina-jana-mndet-koyyiladyi-nazarbaev-blm-291653/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Ответить

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Ответить