ҚР Премьер-Министрі үздік жас мамандарды марапаттады
04.01.2019ҚР Премьер-Министрі үздік жас мамандарды марапаттады
Желтоқсанның жетісі Астана қаласында «Worldskills Қазақстан» атты жұмысшы мамандықтар арасында ұлттық чемпионат аяқталды. Чемпионат нәтижесі бойынша еліміздің кәсіби шеберлігі жоғары, білімді де білікті жастарының қатарынан 30 мамандық бойынша ең үздіктері анықталды. Жеңімпаздарды ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев марапаттады. Министр жігерлі де еңбекқор жастарға жылы лебізін білдіріп, өз ақыл-кеңесін берді. Жыл сайын түрлі мамандықтардың қыр-сырын жетік меңгеру маңызы жайында сөз қозғап, өз ісінің шебері болу – бәсекеге қабілеттіліктің айғағы екенін де айтып өтті. Өз сөзінде министр «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан қолдау тауып, келесі жылы «Worldskills Қазақстан» мен «Атамекен» тығыз жұмыс жасайтынын атап кетті.
WorldSkills-халықаралық коммерциялық емес қозғалыс, оның мақсаты жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру, шеберлік дағдыларын дамыту және кәсіби техникалық білім беру ісін алға жетелеу болып табылады.
Бұрын-соңды естімеген болуым керек, мені, жас маманды, елімізде түрлі кәсіптің дамуына қолдау жасап жатқаны өте қатты қуантты. Жастардың бәрі бірдей қызыға қоймайтын, дегенмен табысы мен болашағы зор кәсіп түрлерін насихаттайтын, сондай-ақ техникалық кәсіптерді таңдаған жастарға ынта мен жігер беретін пайдалы сайыстар көбейсе екен деген ой қалдырды. Үнемі халықтың сұранысына ие, өзекті кәсіп иелерін көптеп шығару – өзіміздің қолымызда. Өзім қатарлы жастардың марапатқа ие болып жатқанына сүйсініп, әр адам өз кәсібінің үздігі болса, мемлекетіміз қандай керемет боларын елестеттім! Тамаша көрініс!
«Worldskills Қазақстан» біздің елімізде төртінші рет өткізілді. Республикалық чемпионатта бірінші орын алған жеңімпаздар «WorldSkills Competition» әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды. Әлем чемпионаты 2019 жылдың 22-27 тамыз аралығында Ресей Федерациясының Қазан қаласында өтпек. Еліміздің өрендеріне сәттілік тілеймін! Әлемнің алпауыт елдерінің арасында Қазақстан жастары осал еместігін танытса деймін!
Өз тарапымнан, «Worldskills Қазақстан» чемпионатын қолға алған азаматтарға алғыс білдіргім келеді. Елінің болашағына бейжай қарамайтын азаматша ретінде бұндай сайыстардың маңыздылығын ескермеу – мүмкін емес. Сапалы, мықты мамандарды анықтап, олардың өсіп-өнуіне барынша жағдай жасай отыра, біз, бәріміз де өміріміздің жақсаруына үлес қосамыз. Ендеше , бүгіннен бастап өз ісімізді сүйіп, бәсекеге қабілетті болуға тырыссақ, нұр үстіне нұр болары анық!
Обсуждения сообщества
День Знаний
1
409
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
0
0
cgvbcvb
