«Менің атым – Қожа» атты хикаясы бойынша ашық сабақ
01.02.2019
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің аясында Тоқпанова Сандуғаш Қайыржанқызы 5 «Ә» сыныбында қазақ әдебиетінен
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» атты хикаясы бойынша ашық сабақ өткізді.
Сыныпта психологиялық ахуал орнату үшін сабақ басында «Өз-өзіңді таныстыр» әдісі жүргізіліп, ат қоюдың адам өміріндегі маңыздылығы туралы оқушылардың ойлары тыңдалуы сәтті болды. Топқа бөлу оқушылардың есімдерінің бірінші әріптері арқылы жүзеге асты. «Менің атым –Қожа» бейнежазбаны көрсету арқылы жаңа сабаққа болжау жасалып, сабақтың мақсаты шығарылды. Мақсатқа жету үшін «Жиксо» стратегиясы, «Елші жіберу», «Әдебиет үйірмесі» әдістері қолданылды.
Сабақ барысында «Шапалақ», «Ең үздік әңгімеші» қалыптастырушы бағалау әдістері жүргізіліп, оқушылар ең үздік әңгімеші бойынша өз пікірлерін білдірді. Сабақ соңында рефлексия парақшалары таратылып, оқушылардың сабақта «Не қызықты болды, не қиын болды, қандай көңіл-күйде екендігі» жайындағы пікірлерінен сабақтың қызықты, сәтті өткендігі байқалды. Пікір иесі: Сураганова А.К.
![]()
![]()
Обсуждения сообщества
День Знаний
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
cgvbcvb