Мерекелік басылым - Мұғалім құрметіне
02.10.2020Түркия, Жапония секілді дамыған елдер өздерінің газеттерін миллиондаған тиражбен шығарып, әлемнің түкпір-түкпіріне таратады екен. Бұдан түйетініміз, озық мемлекеттер үшін газет мемлекеттің айнасына айналған. Ал бізде әлеуметтік желіге жіпсіз байланғандар саны күн санап артып келеді. "Газет - халықтың көзі, құлағы Һәм тілі" деп Алаштың асыл перзенті Ахмет Байтұрсынұлы айтып өткендей, бүгінгі қоғамда газет, кітап оқитындардың қатары азайғаны бізді де қынжылтады. Білімнің кілті - кітапта, екенін ескермей жүрген жеткіншек ұрпақтың оқуға ынтасын арттыруды көздейміз. Осыған орай әл-Фараби мектеп-лицейі мектепішілік газет шығару үрдісін жалғастыруда. Мұғалім күніне орай баспадан жарық көрген басылымнан оқырмандар үздік ұстаздар туралы мақалаларды, оқушылардың тәлімгерлерге деген жүрекжарды тілегін және тағы басқа материалдарды оқи алады.



Обсуждения сообщества
День Знаний
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
cgvbcvb
