Тұңғыш Президент күні
02.12.2020Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында әл-Фараби мектеп-лицейінің үздік және талабы зор оқушылары "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" ұйымдарының қатарына қабылданды. Бұл қоғамдық бірлестіктер шәкірттердің тәлімді тәрбиесіне оң ықпал етуді көздейді. Сондықтан ұйым мүшелері қоғамдық өмірге де белсене араласады. Биыл да білімге құштар, тұла бойына өнер тұнған бірнеше оқушы "Жас Ұлан" және "Жас Қыран" қатарына қабылданып, алдағы уақытта өздеріне жүктелген зор сенімді ақтауға ант берді. Олар өз Отанымыздыздың патриоты болып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, өз өнегесімен өзгелерге үлгі болуды мақсат тұтып отыр. Ұйымға жаңа қабылданған шәкірттерді меткеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Зәуреш Жиентаева құттықтап, ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ, білім, өнер байқауларына қатысып, оқу орнының абыройын асқақтатып жүрген мерейлі оқушыларға Алғыс хат табыс етті.












Обсуждения сообщества
День Знаний
1
413
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
0
0
cgvbcvb
