Өткен аптада жалпы білім беретін оқу орындары оқушылар арасындағы Абай және Мағжан оқуларының қалалық кезеңі өтті

05.05.2021

Өткен аптада жалпы білім беретін оқу орындары оқушылар арасындағы Абай және Мағжан оқуларының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты: ҚР "Тілдер туралы" Заңын жүзеге асыру аясында, Абай және Мағжан мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету. Байқау 6 номинация бойынша өткізілді. Аталмыш байқауда "Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы" номинациясы бойынша Ұлы Абайдың 80 өлеңін жаттаған 9-сынып оқушысы Жоламан Диана 1-орынға ие болды. "Өлең -менің Шолпаным, Айым, Күнім" номинациясы бойынша Мағжан атамыздың 50-ге жуық өлеңін жатқа білетін 10-сынып оқушысы Жоламан Елдана 1-орынға ие болды. "Абайдың қара сөздері" номинациясы бойынша 9-сынып оқушысы Нурпеисова Сабина 2-орынды иемденсе, ал 8-сынып оқушысы Сабыров Фархат 3-орынға ие болды. Жеңімпаздарды және олардың жетекшілерін жүлделі орындарымен құттықтаймыз!!! Облыстық кезеңге өткен Елдана мен Дианаға сәттілік тілейміз!



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Ответить

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Ответить