Биыл Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдығы

23.02.2022

Сафуан Шаймерденовтің: «Егер сен халық тағдырындағы көкейкесті мәселелерді көтере алып, соны оқырман көңілінен шығарар болсаң, әне, талантыңның күш-қуаты осында. Ал күйікті тірліктің болымсыз күйбеңімен айналысып, жазғаныңды оқырман көкейіне қондыра алмасаң-бейшаралығың»,- деген сөзі бүгінгі таңда орынды айтылған. Себебі, Сафуан атамыздың шығармалары, туындылары өз оқырманының көңілінен шыға білді.
Халық жазушының есімі қалалық классикалық гимназияға берілгеніне 7 жыл болса, Сафуан атамыздың өмірден өткеніне 15 жыл толып отыр. Гимназия қабырғасындағы Сафуан Шаймерденовке арнайы орнатылған мемориалды тақта алдында, гимназия оқушылары мен ұстаздары жазушыны еске алды, оған тағзым етті.
Биыл Сафуан Шаймерденовтің 100 жылдығына орай гимназиямызда іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.
Мектепке кіргеннен бастап, оқушылар жазушы туралы бейнефильмдер көріп, оның құрметіне салтанатты жиын өтті. Жиында гимназия оқушылары өздерінің шығарған туындыларын, арнауларын ортаға салды.
Сафуан Шаймерденовті еске алу, шығармаларын, өмірін, әдебиеттегі орнын насихаттау, дәріптеу мақсатында 1-11 сыныптар арасында «Жыры-сыры жүрегінде жазылған жазушы» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сафуан атамыздың 100 жылдық мерей тойы жыл бойы өз жалғасын табады.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Ответить

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Ответить