Бүгін, 23-қараша күні Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте «Ынтымақтастық: функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді технологиялары мен әдістері» тақырыбында математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің облыстық семинары өтті.

23.11.2022

Бүгін, 23-қараша күні Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте «Ынтымақтастық: функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың тиімді технологиялары мен әдістері» тақырыбында математика, физика және информатика пәні мұғалімдерінің облыстық семинары өтті. Семинарға барлығы облысымыздың 22 ұстазы қатысты, соның 12-сі аудан мектептерінен, қалғандары Петропавл қаласынан. Семинардың ерекшелігін атап өтер болсақ, ұйымдастырушылар меймандарға шеберлік сабағын көрсетті.
Мектебіміздің жетекші мұғалімдері Гүлнар Есенеева және Баян Сыздыкова іс-тәжірибелерімен бөлісу барысында математика-физика пәндерінен PISA халықаралық зерттеу жүргізу аясында оқушылардың математика-жаратылыстану функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын айтты. PISA есептерін жан-жақты талдауға және құрастыруға байланысты жұмыстар жасалды. Ал робототехникадан информатика пәні мұғалімі Ерлан Ермекұлы дарынды оқушылары жасаған датчиктердің көмегімен роботтардың сызық бойымен қозғалуы бойынша жұмыстарымен бөлісті.
Мектебіміздің тәжірибелі мұғалімі Дулат Бейсембин семинар қатысушыларына математика пәнінен «Математикалық сауаттылық» қолданбалы курсы бойынша авторлық бағдарламасын таныстырды. Сонымен қатар Ақбаян Айдарханқызы физика пәні бойынша, Ұлан Айтмағамбетұлы математикадан ҰБТ-ға дайындық барысында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға арналған әдіс-тәсілдермен бөлісіп, QALAN.KZ сайтын, ZIPGRADE бағдарламасын қолданудың артықшылықтарына көпшіліктің көзін жеткізді.
Бүгінгі күні оқушылардың ынта-ықыласын арттырудың тиімді жолы – сабақта АКТ қолдану. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда АКТ-ның рөлі» жайында математика пәні мұғалімі Дәурен Тастамбеков және информатика бойынша Арайлым Мухаметкалиева өз іс-тәжірибелерін ортаға салды.
Семинар соңында қатысушыларымен кері байланыс жасалып, бүгінгі шараның тиімділігі бойынша ой қорытылды. Бұл жұмыстарды директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Майра Каркенқызы мен Жадыра Абайқызы атқарғанын айтып өткен жөн.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Ответить

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Ответить