Ағымдығы жылдың 30 қарашасында Айыртау ауданында «Колосок» бөбекжай-бақшасының базасында білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығымен Айыртау ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Заманауи мектепке дейінгі білім беру: тиімді даму мысалдары» атты тақырыпта мектепке дейінгі білім берудің педагог қызметкерлерінің облыстық семинары өтті.
06.12.2023Ағымдығы жылдың 30 қарашасында Айыртау ауданында «Колосок» бөбекжай-бақшасының базасында білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығымен Айыртау ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Заманауи мектепке дейінгі білім беру: тиімді даму мысалдары» атты тақырыпта мектепке дейінгі білім берудің педагог қызметкерлерінің облыстық семинары өтті.
Аталмыш семинар – Солтүстік Қазақстан облысының мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары үшін біздің облыстағы екінші семинар. Іс-шараға шақырылған 14 ауданның 7 ауданы қатысты, қатысушылардың жалпы саны 35 адамды құрады. Семинар қонақтары мен қатысушыларына балабақша ішінде экскурсияға жүргізілді, спикерлер ретінде балабақша әдіскері Кожатаева Маншук Бекболатовна және мектепалды топ тәрбиешісі Кенжебулатова Меруерт Токтагуловна сөз сөйледі. Экскурсия барысында балабақша тәрбиешілері мен педагогтары топтарда, кабинеттерде пәндік-кеңістік ортаны ұйымдастырудағы шығармашылық тәсіл туралы айтып берді. Ал балабақша дәліздері қонақтарды жылдың барлық мезгілдерінің ашық түстерімен қарсы алды.
Семинардың басында қонақтар психологиялық тренингке қатысты. Педагог-психолог Серикбаева Умут Анатольевна жүргізген практикалық тапсырмалар барысында, меңгерушілер мен әдіскерлер педагогикалық ұжымда жұмыс істеудің тиімді әдістерін бірлесіп пайдаланды.
Пленарлық бөлімнің ашылуында білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Базарбаева Динара Ерсаиновна құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға іс-шара аясында жемісті жұмыс тіледі.
Бұдан әрі бағдарламаға сәйкес облыстың мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері қатысушыларға әртүрлі бағыттар бойынша өз тәжірибелерін ұсынды:
- «Кайдзен» технологиялары жүйесі арқылы мектепке дейінгі ұйымның басқару қызметін трансформациялау»- Ахметова Жанагул Айтбаевна, Айыртау ауданының "Колосок" бөбекжай-бақшасының меңгерушісі;
- «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне жаңа тәсілдер және білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді формалары» - Сенькина Светлана Петровна, Есіл ауданының Корнеев гимназиясының шағын орталығының меңгерушісі;
- «Заманауи мектепке дейінгі мекемені тиімді басқару» - Батырбаева Булбул Казезтаевна, Айыртау ауданының «Родничок» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі;
- «Lesson Study тәсілін балабақшаның білім беру процесіне енгізу» - Габдуллина Факизат Марленовна, Петропавл қаласының «Ивушка» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі;
- «Табысты ұжым құрудағы басшының қызметі» - Бурдыга Ольга Станиславна, Тайынша ауданының «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі;
- «Ата-аналар қауымдастығымен жұмыс жүргізу формалары» - Тарасова Галина Юрьевна, Мағжан Жұмабаев ауданының «Бөбек» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі.
-
Үзіліс арасында педагогтар Жанысов Сагындык Ахмоллиновичтің орындауындағы «Түнгі лирика» атты музыкалық өнерін тамашалап, Шалбаева Альбина Борисовна мен Макулова Сайя Елубаевнаның дайындаған флеш-моб қатысушылары болды.
Семинар қорытындысында Айыртау ауданының білім бөлімінің әдіскері Пачковская Елена Анатольевна семинар қонақтары мен қатысушыларына алғыс сөз айтып, қонақтардан спикерлер мен ұйымдастырушыларға кері байланыс беруді ұсынды. Семинарға қатысушылар мен қонақтар іс-шараны ұйымдастыруға жоғары баға беріп, көптеген пайдалы ақпарат пен жағымды эмоциялар алды.
Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері Базарбаева Динара Ерсаиновнаға, «Колосок» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Ахметова Жанагуль Айтбаевнаға және жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізгендері үшін бөбекжай-бақша ұжымына алғысымызды білдіреміз.
Ағымдығы жылдың 30 қарашасында Айыртау ауданында «Колосок» бөбекжай-бақшасының базасында білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығымен Айыртау ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Заманауи мектепке дейінгі білім беру: тиімді даму мысалдары» атты тақырыпта мектепке дейінгі білім берудің педагог қызметкерлерінің облыстық семинары өтті.
Обсуждения сообщества
День Знаний
1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
dfg
cgvbcvb
