Меню KDT
ru kz en
Новости | все новости

Еске алу байқауы – бұл ұлағатты ұстаздың рухына тағзым етіп, оның өмірлік жолына деген құрметтің көрінісі.

19.05

📌 Еске алу байқауы – бұл ұлағатты ұстаздың рухына тағзым етіп, оның өмірлік жолына деген құрметтің көрінісі.
2025 жылғы 19 мамырда ұлағатты ұстаз, ұжымға сыйлы әріптес – Гүлмира Райынбекқызы Кәрімованы еске алуға арналған «Ұстаз есімі – ұлық, өшпесін ұстаз есімі» атты облыстық байқау өтті.
📝 Іс-шараның алғашқы кезеңі «№17 Ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешені» КММ жанындағы мұражайда ұйымдастырылып, оған еңбек ардагерлері мен құрметті қонақтар қатысты. Ерекше атап өтерлігі – Гүлмира Райынбекқызының анасы Айман Қабидоллақызы да қатысып, жүрекжарды естеліктермен бөлісті.
Байқаудың екінші және үшінші кезеңдері «№8 орта жалпы білім беретін мектеп-эстетикалық тәрбие беру кешенінде» жалғасын тапты.
Шараға 14 бастауыш сынып мұғалімі қатысып, өздерінің кәсіби шеберліктері мен шығармашылық қабілеттерін ортаға салды.
📎 Осындай тағылымды байқаулар арқылы Гүлмира Райынбекқызының білім беру саласына қосқан елеулі еңбегі ұмытылмай, әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгілік сақталады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:
Гран при- Жусупова Сауле Асымбаевна«Дарын» мектеп-лицей» КММ;
🥇 1 орын- Амренова Жулдуз Сериковна «М.Жұмабаева атындағы орта мектеп» КММ;
🥈 2 орын -Баграмова Алтынай Акжановна «Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп- лицей» КММ;
🥈 2 орын- Климина - Ведерникова Любовь Сергеевна «С.Мұқанов атындағы жалпы білім беретін Тимирязев мектеп-гимназия» КММ;
🥉 3 орын-Алгазина Жанаргуль Аслановна «№1Новоишимка орта мектеп» КММ;
🥉 3 орын- Чумак Валентина Петровна «Приишимка орта мектеп» КММ;
🥉 3 орын- Сарсембина Сания Ермековна «әл-Фараби» мектеп-лицейі» КММ

https://www.facebook.com/reel/1879239452915851 


Посмотреть новость на сайте учрежденияВернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Последние обсуждения | все обсуждения

День Знаний

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!
09.10.2016
1

Что полезно есть на завтрак ???

Полезный завтрак
11.07.2016
3

Каким видом спорта Вы заниматесь?

за здоровую нацию
11.07.2016
0
Партнеры