Халықаралық мүгедектер күніне орай “Жақсылық сенен басталады”

05.12.2025

2025 жылдың 4 желтоқсан күні №2 Новоишим орта мектебі КММ-нің мектеп кітапханасында Халықаралық мүгедектер күніне орай “Жақсылық сенен басталады” тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты: оқушылардың мейірімділік, қамқорлық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі жандарға құрметпен қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ қайырымдылық пен жауапкершілік сезімін дамыту.
Іс-шараның барысы:
Кітапханашы кіріспе сөз сөйлеп, тақырыпқа байланысты дайындалған презентацияны көрсетті. Презентацияда мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсету, оларды қолдау, қоғамға толыққанды араластырудың маңызы туралы мәселелер қозғалды.
Шара барысында оқушыларға жақсылық пен жамандық туралы әңгімелер, ертегілер, мақал-мәтелдер айтылып, мейірімді болудың адам өміріндегі рөлі түсіндірілді. Кітапханашы кез келген игі істің адамның өзінен басталатынын, айналаға жақсылық жасау–қоғамға үлес қосу екенін атап өтті.
Іс-шара оқушылардың қызығушылығын оятып, олар мейірімділік, достық және бір-біріне қолдау көрсету туралы өз ойларымен бөлісті.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Назад

Обсуждения сообщества

1 СЕНТЯБРЯ- ДЕНЬ ЗНАНИЙ!

B0
b0139skobilim
09.10.2016
Ответить

dfg

0
0

cgvbcvb

16
16_bit
19.04.2016
Ответить